15
март
2023
«Қазақ хандығының құрылуы»
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында тарих пәні әдістемелік бірлестігінің айлығында тарих пәні мұғалімі Суталиева Г.М. 6 «Ә» сыныбында «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру. Сабақ барысында Thinglink жасалған презентация, quizizz.com онлайн платформасында дайындалған тапсырмалар қолданылды. Оқушылар графикалық органайзерлермен (қабырғадағы суреттер, уақыт бланкі, көп шеңбер, дерек пен пікір) тапсырмалар орындады. Оқушылар кері байланысты ватсап мессенджеріндегі сауалнама арқылы жасады.