01
март
2023
«Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру».
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясында математика пәнінің мұғалімі Қозыбақова Гульмира Панзабекқызының шығармашылық есеп беру кеші өтті. Шығармашылық тақырыбы: «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру». Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың мақсаты – оқытуда инновациялық әдістерді, заманауи білімдік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың білім деңгейін арттыру. Шығармашылық кешті мектеп директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы құттықтау сөзбен ашты. Математика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі пән. Жеке саналы тұлға тәрбиелеуде Гульмира Панзабекқызы математика ғылымдарының негізін барынша жетік білуімен қатар оқытудың жаңа әдістерін жете меңгеріп, оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдаланады. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келеді. Жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды оқушы санасына жеткізе қалыптастыруда, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, олардың танымдық белсенділігін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды да жүргізеді. Шығармашылық есеп барысында Гульмира Панзабекқызы математика пәнінен функционалдық сауаттылық туралы жазған авторлық бағдарламасына, PIZA,TIMSS, PILRS халықаралық зерттеулері бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Мерекелік іс-шарада жетекшілік ететін 10 «А» сынып оқушылары мен 5 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектері ақ тілектерін арнап, ән мен күйден шашу шашты.