15
декабрь
2022
"Қос сөздер" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің айлығында 4 "Г" сыныбымен Д.Б. Тогайбекова қазақ тілінен "Қос сөздер" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: күрделі сөздердің түрлерін ажырата алуға,мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырып,жауап беруге дағдыландыру. Сабақ жоғарғы деңгейде, қазіргі жаңаша бағытқа сай өткізілді. Оқушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында, сонымен қатар сабақты жақсы меңгерту үшін ерекше әдіс- тәсілдер қолданылды. Оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсарту мақсатында тыңдалым қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын анық жеткізе білді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруда сабақ барысында «Ұяшықтар арқылы сұрақ-жауап», «Кездейсоқтық шеңбері», «Мәтінмен жұмыс», «Аудиожазба», «ZipGrade», «Plickers» тәсілдері, тест сұрақтары ұтымды пайдаланылды.