Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
Ақпарат
№ 17 жалпы білім беретін мектебінде тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, тиімді тамақтануды насихаттау мақсатында 2022 жылы 17 – 30 қараша аралығында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты онкүндігі өтті.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Дұрыс тамақтану денсаулықтың басты факторы. Ол адамның өмір сүруі мен жұмысына тиімді әсер етеді.Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Онкүндік дұрыс тамақтанудың маңыздылығын жөнінде барлық мүдделі тараптардың әсіресе мектеп жасындағы балалардың ақпараттылық деңгейін көтеру, мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді.
Онкүндік аясында мектептің әлеуметтік педагогы Шалимбетова Ж.Т. 28-30 қараша күні 5 - 8 сыныптар арасында сауалнама жүргізіп, қорытындысын жасады. 17 – 30 қараша аралығында 4 – 7 сыныптарда «Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы» атты тәрбие сағаттары өтті. Сонымен қатар онкүндік барысында 5 сынып оқушылар арасында қабырға газеті сайысы өтті. 2 – 3 сынып оқушылары «Салауатты тамақтану – сау оқушы» тақырыбында диктант жазды.
Батиева Д., мектеп медбікесі, 9 – 11 сынып оқушыларымен «Денініз сау болсын» әнгімелесу өткізді.
Өз сөзінде тамақтану сауаттылығының бес негізі бар екенің айтып кетті.
1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Жалпы № 17 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты өткізілген онкүндік нәтижесінде үйлесімді және дұрыс тамақтану жөнінде оқушылардың және ата – аналардың ақпараттылық деңгейі артты. Тиімді тамақтану сапалық білім алудың негізі екендігі жөнінде кеңінен акпараттық, нәсихаттау жұмыстары жүргізілді.