02 декабрь 2022 0 1 2 3 4 5 «Буылтық құрттардың, ұлулардың ,буынаяқтылардың және омыртқалардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі» Жаратылыстану пәндерінен әдістемелік бірлестік айлығында биология пәнінен А.Д.Қазыбаева 8 «Ә» сыныбымен «Буылтық құрттардың, ұлулардың ,буынаяқтылардың және омыртқалардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі» деген тақырыпқа ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар өздері дайындаған презентацияны қолданып, тақырыптың мағынасын ашты.Сабақтың бекіту кезінде “Quizlet”платформасы бойынша тапсырмалар орындады. Сонымен бірге, биология пәнінің мұғалімі Алденбекова А.Т. 9 "А" сыныбында " Нейронның құрылысы мен қызметі, синапс және медиаторлар" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта деңгейлік тапсырмалар орындалып, "Жүйке ұлпасын зерттеу " тақырыбында модельдеу орындалды. Сабақтың бекіту кезеңінде "Quizizz " платформасы арқылы тест алынды.