01
ноябрь
2023
Қыздарға арналған 40 кеңес
Қыздарға арналған 40 кеңес
- Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады.
- Бірге жүрген қыздардың бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз.
- Егер шынайы дос тапсаңыз, қандай қашықтықта болса да, достық қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
- Дүниеге қызықпаңыз, ол сізді бақытты етпейді.
- Қандай жағдайға кезіксеңіз де, ешкімді кінәламаңыз, қатені алдымен өзіңізден іздеңіз.
- Әжеңізбен жиі уақыт өткізіңіз, ол сізге көп нәрсе үйретеді.
- Есте сақтаңыз: белгілі бір мәселеге тіреліп, өмір тоқтап қалмайды. Өйткені жаңбырдан кейін де күн шығады.
- Барлық нәрсеге шайқаса берудің қажеті жоқ.
- Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз, ол сіз секілді ешқашан бола алмайды.
- Сезіміңіз соншалықты берік болса да, махаббатқа қатты берілмеңіз. Себебі сіз өз-өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
- Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйреніңіз, ол сізге өмірде міндетті түрде көмектеседі.
- "Жоқ" деп айтудан қорықпаңыз, оның да пайдасы бар.
- Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны өкінбейтіндей етіп сүруге тырысыңыз.
- Жігіттердің артынан жүгірмеңіз, керісінше олар сіздің артыңыздан жүгіруі керек.
- Жақсы сөз - жарым ырыс екенін естен шығармаңыз. Оны айтып та, қабылдап та үйреніңіз.
- Өзгелердің де, өзіңіздің де алдыңызда адал болыңыз.
- Жалғыздықтан қорықпаңыз. Ол өздігіңізден дамуға көмектеседі.
- Өз сезіміңізді жеткізуден қорықпаңыз.
- Дауласқыңыз келсе дауласыңыз, бірақ 8-ереже есте болсын.
- Білім - керемет күш. Жан-жақты болу үшін әртүрлі кітап оқыңыз.
- Егер жігітіңіздің үйінде бірде-бір кітап болмаса, теріс айналып кете беріңіз.
- .Өзіңізді қандай жағдайда да алып шығуыңыз керек.
- Қателіктерден сабақ алатыныңызды ұмытпағайсыз.
- Күніне бір рет болса да айналаңыздағы адамдарға жақсылық жасауға тырысыңыз.
- Тәрбиелі жанұядан шыққаныңызды көрсетіңіз. Сонда сіз жайлы тек керемет пікірлер айтылатын болады.
- Тек үлкендермен ғана емес, өзіңіздің қатарластарыңызбен және жасы кіші адамдармен де сыпайы болыңыз.
- Сіздің сөздеріңізден гөрі істеріңіз сіз жайлы көп нәрсеге көз жеткізетінін біліп жүріңіз.
- Сезіміңізді жасырып емес, айтып біліңіз.
- Қарапайым заттардың өзінен көркемдік көруге тырысыңыз.
- Теріңізге жас кезіңізден абай болыңыз. Күнге қарсы иісмайлар пайдаланыңыз.
- Сізді жақсы көретін жандармен жақын болыңыз.
- Қандай қиыншылыққа кез болсаңыз да, еңсеңізді түсірмей, басыңызды тік көтеріп жүріңіз.
- Өзіңіздің көз жасыңыздан қорықпаңыз. Өйткені одан жаңа күш, серпіліс таба аласыз.
- Күлкі - жаныңызға да, денеңізге де ем.
- Сөзбен жұбата да, жылата да аласыз. Сондықтан сөйлемес бұрын ой сүзгісінен өткізіңіз.
- Кешірім сұрау кішіліктің емес, кісіліктің белгісі.
- Алға қойған мақсатқа жету үшін талмай еңбектенуіңіз керек.
- Өз-өзіңізді қамтамасыз етіп үйреніңіз.
- Өзіңіздің бағаңызды ешқашан түсірмеңіз. Сіз өзіңіз ойлағаннан да жоғарысыз.
- Өмір дегеніміз - бүгінгі күн. Кешегі де емес, ертеңгі де емес. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, бақытты болыңыз.