Біз туралы » Страница 36 » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дарынды балаларға- талантты ұстаз"
25
ноябрь
2022
"Дарынды балаларға- талантты ұстаз"
"Дарынды балаларға- талантты ұстаз" атты аудандық педагогикалық олимпиадасына Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының география пәні мұғалімі Орынбаева Назира Талғатқызы қатысып, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
"Білім беру ұйымдарында жүргізілетін әлеуметтік - психологиялық жұмыстардың негізгі аспектілері"
25
ноябрь
2022
"Білім беру ұйымдарында жүргізілетін әлеуметтік - психологиялық
Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасы оқу- әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген "Білім беру ұйымдарында жүргізілетін әлеуметтік - психологиялық жұмыстардың негізгі аспектілері" тақырыбындағы облыстық шеберлік сыныпта өз іс-тәжірибесімен бөліскен Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін  мектеп - гимназиясының психологы  Тотаева Лаура Керімқұлқызы алғыс хатпен марапатталып, облыстық әдістемелік кеңес отырысы сарапшыларының шешімімен іс-тәжірибесі облыс көлемінде
"Қызығушылық картасы" атты тест алынды.
25
ноябрь
2022
"Қызығушылық картасы" атты тест алынды.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясының 2022 жылдың 16 -25 қараша күндері аралығында 11"А", 11 "Ә", 11 "Б", 11"В", 11"Г", 11"Д", 11 "Е" сынып оқушыларынан А.Голомштоктың "Қызығушылық картасы" атты тест алынды. «Қызығушылық картасы» әдістемесін кәсіптік бағдарды анықтау мақсатында жүргізілді. Тест нәтижесі арқылы білім алушылардың қай мамандыққа қызығушылығының бар екендігі анықталды. Мектеп психологтары: Ойшиева Г.Д Тотаева Л.К Кәсіби бағдар беруші педагог:
"Оқуға құштар мектеп"
23
ноябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп"
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында "Оқуға құштар мектеп"  жобасы аясында 3 "г" сынып оқушыларының қатысуымен "Әжемнің ертегілерінің" желісімен "Төлдер айтысы" ертегісіне сахналық қойылым ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Ертегі мазмұнын түсіну, төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету, рөлдік ойындарды сомдауға тәрбиелеу.
"Ертегілер елінде"
23
ноябрь
2022
"Ертегілер елінде"
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп-  гимназиясында "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында 2"г" сынып оқушыларының қатысуымен "Ертегілер елінде" тақырыбында "Ертегілер еліне" интербелсенді тақта арқылы саяхаттап,  "Жеті лақ", "Қарлығаш пен Дәуіт", "Бауырсақ" ертегілерін суреттеп, кейіпкерлердің суретін салу, мінез - құлқын сезіндіру, есте  сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту арқылы ертегінің мазмұнын аша білді.
"Үздік оқырман отбасы"
23
ноябрь
2022
"Үздік оқырман отбасы"
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша  мектеп кітапханашылары Б.Қ.Медеуова мен Б.Қ.Нүсіпованың ұйымдастыруымен мектепішілік "Үздік оқырман отбасы"байқауы өткізілді. Байқауда  тұрақты  оқырман отбасылары анықталды. Байқауға  ерекше жауапкершілік танытқан 3 "Ә" сынып оқушылары  мен ата-аналарына алғыс білдіреміз.
"Біз оқитын жүз кітап"
22
ноябрь
2022
"Біз оқитын жүз кітап"
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп-  гимназиясында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Біз оқитын жүз кітап" тақырыбында  8- сынып оқушыларын жаңа кітаптармен таныстырды. Әдеби кітаптар - білім көзі, рухани қазына.  Кітапханашы Мырзағұлова А. жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасап, оқушыларды көркем  әдебиет оқуға шақырды.
"Қазақтың бір туар ұлы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
21
ноябрь
2022
"Қазақтың бір туар ұлы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
2022 жылдың 18 қараша күні Тараз қаласында "Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен "Қазақтың бір туар ұлы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" атты шығармашылық байқауы өтті. Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді: ғылыми жоба, эссе, ақындар мүшәйрасы. Байқаудың мақсаты -аса  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен шығармашылығын, еңбек жолын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық патриотизм мен еңбекке баулу, жастардың
"Оқуға құштар мектеп"
18
ноябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ертегілерді дауыстап оқу сағаты бастауыш сыныптар арасында өткізілді. Мақсаты: бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру, оқыған ертегіден алған әсерімен көпшілік алдында бөлісу. Сонымен қатар ертегілерді оқуға насихаттау арқылы оқушылардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру