Месячник по профилактике жестокости и насилия
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы-орта білім беретін мектеп-гимназиясында «ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ
аясында өткен іс-шаралар туралы
мәлімет
Мақсаты: Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.
Міндеттері:
1) балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ оларды қорғау қажеттілігі туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру;
2) балалардың заңды мүдделерін қорғауды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тарту;
3) балалар мен жастарды өздеріне бағдарланған бағдарламалар мен саяси шараларды әзірлеу мен іске асыру процесіне тарту;
4) барлық ұйымдар мен құрылымдардың: қоғамдық, ұлттық және халықаралық; Мемлекеттік және жеке; кәсіпкерлік және кәсіподақ; үкіметтік және үкіметтік емес құқықтарды қорғау саласындағы белсенді әріптестік ынтымақтастығы.
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты акцияның басталғаны туралы мектеп сайттарында, әлеуметтік желілерде жарияланды,сынып жеткешілерге хабарланды. 2022 жылдың 10-16 қараша аралығында 1-11 сыныптар аралығында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері»,"Қазақстандағы Отбасы институты және оның құндылықтары","Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз" атты тақырыптарда сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағаттары жаңа форматта ақпараттық технологияларды қолдана отырып, білім алушыларға отбасындағы құндылықтар туралы, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен мәлімет берілді.
Ата-ана мен мектеп, бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту,отбасын дағы балаға оң тәрбие беру мақсатында мектепішілік «Отбасы және баланы тәрбиелеу» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста мектеп директоры Қалқабаева А.А қазіргі таңда басты өзекті мәселе болып табылатын зорлық-зомбылық тақырыбының белең алғанын, оған бала тәрбиелеу жолында мектеп ұжымы да, ата-ана да басты жауапкершілік таныту керек екенін ескертті. Мектеп психологтары Тотаева Л.К мен Тлеужанова Т. аталмыш тақырып аясында баяндама оқып, оның алдын алу жолдары туралы айтып өтті. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан сауалдар қойылып, өз ойларын ортаға салды. Мектеп ұжымы зорлық-зомбылықтың түрлері, оны болдырмаудың жолдары, болатын орындары туралы барынша мәлімет беруге тырысты.
«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында 6-8 сынып оқушылары арасында сурет пәнінің мұғалімі Погорелова Г.Н. «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»,«Өмірдегі зорлық-зомбылық!», «Балалар зорлық-зомбылыққа қарсы», «Зорлық-зомбылыққа ЖОҚ дейік!», «Отбасы – жер бетіндегі ең қауіпсіз жер» атты тақырыптарда суреттер мен плакаттар байқауын өткізді. Үздік оқушылардың жұмыстары мектеп фойесіндегі стендке қойылды.
9-11 сынып аралығында ДҚТЖО Шидакова, «Дебат» клубының жетекшісі Тлеужанова Т.А мектептің пікірсайыс алаңында қазіргі таңдағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатігездік мәселелері жайында талқылап, оны болдырмаудың,шешудің жолдары туралы кеңінен сұхбат ұйымдастырды.
Мемлекеттік ұйым қызметкерлердің кездесуі арқылы балаларды бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау процесіне тарту мақсатында 9-10 сынып оқушыларымен мектеп инспекторы Оспанбеков Е.А жүздесті. Кездесу барысында мектеп инспекторы Оспанбеков Е.А қазіргі біз өмір сүріп жатқан кезең- ақпараттық заман болғандықтан, бала мен оның өмір қауіпсіздігі басты назарда тұрған мәселе екенін, ол қашанда заң аясында қорғалатыны жайында білім алушыларға кеңінен мәлімет берді. Білім алушылар да өз ойларын ортаға салып, еркін форматта пікірлерімен бөлісіп, толғандырған мәселелер төңірегінде сауалдар қойып, қажетті деңгейде жауап алды.
Кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша ДҚТЖО Шидакова Л.А, мектеп инспекторы Оспанбеков Е.А., Кубарева Р.Г., Шырышбаев Т.Ж., Аубакиров Р.Д., кешкі рейд ұйымдастырды. Рейд барысында аудандағы көрнекті орындар қаралды, нәтижесінде ата-ананың қадағалауынсыз жүрген балалар анықталмады.
Ақпараттық акция жоспарына сәйкес өтілген барлық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ата-аналар да, білім алушылар да, сынып жетекшілер де белсенділік танытып, ат салысты. Барлық өтілген іс- шараның қорытындысы мен ақпараты мектептің әлеуметтік желілерінде жүктелді.
Науқанның мақсаты:әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпарат беру, оның отбасында болмауын қадағалау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқанының іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспар бойынша барлық жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
2022 жылдың 25 қарашасында Иван Трубицын атындағы №17 орта мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымы зорлық-зомбылық проблемасы туралы хабарларды арттыру үшін жаһандық әрекетке шақыруға бағытталған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік іс-шара» акциясын бастады. Акцияның басты мақсаты:әйелдер мен қыздардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысты күшейту . Мектептің психологтары Ойшиева Г.Ж. және Тотаева Л.К. «Бірлес! Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі белсенділік» атты тренингтер, ата-аналар комитетінің өткізілді.
Әйел-қоғамның басты тірегі, бала тәрбиесіндегі басты тұлға, отбасының ұйытқысы екенін анық. Әйелдерге қарсы жасалынған зорлы-зомбылық болашақ ұрпаққа жасалынған қиянат жасау екенін жеткізу мақсатында мектеп инспекторы Килебаева Г.Б мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды, жайсыз отбасыларға рейд жүргізді.
Мектеп директоры: Калкабаева А.А.
Орындаған: ДҚТЖО Шидакова Л.А.