19 октябрь 2022 0 1 2 3 4 5 Қазақстандық цифрлық білім беру платформасы Қазақстандық цифрлық білім беру платформасы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының ұстаздарымен Қазақстандық цифрлық білім беру платформасы өкілдері кездесу өткізді. Кездесу барысында «Қазақстанда алғаш рет “Алматыкітап баспасы” оқушыларға ыңғайлы болуы үшін электронды оқулықтарды бір платформада жинады. Бұл платформада мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясындағы бірегей интерактивті және мультимедиалық материалдар біріктірілген. Бұл материалдар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сынып қабырғасында ғана емес, басқа да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. TopIQ.kz платформасын кез келген құрылғыда, кез келген уақытта, ыңғайлы қарқынмен пайдалануға болады”, – деді “Алматыкітап баспасының” бас редакторы Өмірзақ Әбдішүкірұлы. Сонымен бірге, осы баспаның маманы Елжан Мырзағазы ToplQ платформасына тіркелу мен онымен жұмыс істеу барысын түсіндіріп өтті.