30
ноябрь
2020
"Менің мамандығым- менің болашағым"
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларымен "Менің мамандығым- менің болашағым" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты мектеп түлектеріне болашақ мамандықты таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту болып табылады. Кездесуге Меркі аудандық "Атф банктің" басқарушысы Жунусова Сауле Ескандировна келді. Сауле Ескандировна оқушыларға: "Мамандық таңдаудан жаңылмай, таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс",- деді. Сонымен бірге, өзінің таңдаған мамандығының қыр-сырын айтты. Оқушылар кездесу барысында сұрақтар қойып, пікір алмасып отырды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=424138342074722&id=100034356782096
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=424138342074722&id=100034356782096