12
январь
2022
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!!! Мәңгілік ел болашағы – білімді ұрпақ. Соның дәлелі, 2022 жылдың 4-9 қаңтар күндері Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Прага халықаралық олимпиададан Меркі ауданы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының 11- сынып оқушылары Абдуллаева Софья, Раимбаева Гозаля, Ерен Марлен, 10-сынып оқушысы Тухто Карина, 7-сынып оқушысы Құлазым Амина, 4-сынып оқушылары Ернияз Диас, Амантай Аслан жүлделі орындарды иеленіп, жеңіспен оралды. «Бақыттың жолын білім ашар» деп Ахмед Иүгінеки айтқандай, ауданымыздың абыройын асқақтатып келген Тәуелсіз еліміздің дарынды жастарын үлкен жеңістерімен құттықтаймыз.