14
декабрь
2021
"Жүйріктен - жүйрік озар жарысқанда", демекші білім ордамызда тағы бір кең ауқымды жарыс өтті.
"Жүйріктен - жүйрік озар жарысқанда", демекші білім ордамызда тағы бір кең ауқымды жарыс өтті.
Иә, дәл осы аталмыш сөзге орай ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп гимназиясында жас мамандардың эстафеталық жарысы өтті.
Бұл жарысқа білім ордамыздың жас мамандары қатысты. Бұл іс-шараға директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Иманбекова Л.Ж., Шидакова Л.А., Байгашева В.Т., және Ярных Ю.М., қатысты. Иманбекова Л.Ж., эстафетаны ашып берді.
Жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Бүгінде бір қадам алға шығып, жеңіске жеткен топтарымызда бар.
Қанжығаларына бірінші орынды иеленген: "Алғыр" тобы.
Екінші орынға: "Болашақ" тобы мен "Жалын" тобы иеленді.
Әрине, жеңіс бар жерде жеңіліс те қатар жүретінін еске салайық. Сонымен қатар, бүгінгі ойынға қатысқан барлық ойыншыларға-сәттілік тілеп, бұданда биік шыңнан көретінімізге сенеміз.