26
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты
Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің сенімді тірегі. Мектебіміздің, кинозалында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтіп жатқан басқосуымызға қонақтар келіп отыр: Меркі ауданы «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Османов Айваз Мағадиұлы, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Азизов Яша Меджлисович. Ассамблеяның арқасында елімізде этносаралық және конфессия аралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты, жиында ерекше сенім, ынтымақ пен өзара түсіністік ахуалы орнады. Айваз Мағадиұлы біздің әрқайсымыз Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген азаматтық құқықтар мен бостандықтардың толық спектріне ие және оларды пайдаланамыз, деді.