14
май
2026
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
2025–2026 оқу жылының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Оқу жылының аяқталуы – қуанышты әрі жауапты кезең. Осы ретте тәрбиеленушілер мен білім алушылар арасында қауіпсіздік пен қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту мақсатында бітіру іс-шаралары мәселесіне ерекше назар аудару қажет.
Сондықтан, білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына байланысты кештер, банкеттер, автокортеждер, таңды қарсы алу шаралары, алау жанында өткізілетін іс-шаралар, мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, асханаларда, демалыс орындарында және табиғат аясында іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар, аталған іс-шараларды өткізуге байланысты білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақшалай қаражатты, сондай-ақ өзге де материалдық құндылықтарды, оның ішінде сыйлықтар мен жарналарды жинауға жол берілмеуі қажет.
Осыған байланысты ата-аналардан, ұстаздардан және оқушылардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды назарға алуды қатаң ескертеміз.
Әсіресе, жол қозғалысы ережелерін сақтау, түнгі уақытта қараусыз жүрмеу, су айдындары маңындағы қауіпсіздік талаптарына мән беру маңызды.
Бұл ретте, білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің және білім алушылардың, олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қаржылық шығындарын көздемейтін, «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек.
Жоғарыдағы тыйым салынған мәселелерге тиісті органдар тарапынан қатаң бақылау жүргізілетін болады
Балалардың қауіпсіздігі мен болашағы – баршамызға ортақ жауапкершілік.