«Мамандыққа дайындық деңгейін өлшеу» » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандыққа дайындық деңгейін өлшеу»
09
апрель
2026

«Мамандыққа дайындық деңгейін өлшеу»



📍2026 жылдың сәуір айында мектебіміздің 11-сынып білім алушылары арасында «Мамандыққа дайындық деңгейін өлшеу» сауалнамасы жүргізілді. Аталған зерттеудің негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандықты таңдауға психологиялық, тұлғалық және ақпараттық тұрғыдан дайындығын айқындау.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, барлығы 124 білім алушы қамтылып, олардың басым көпшілігі өз болашағына саналы көзқараспен қарайтыны анықталды. Атап айтқанда, оқушылардың 96 % жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін нақты түсінетінін, таңдаған мамандығы туралы жеткілікті ақпаратқа ие екенін, сондай-ақ алға қойған мақсаттарына жету жолдарын айқындай алғанын көрсетті. Бұл – білім алушылардың кәсіби бағдарлануының жоғары деңгейде қалыптасқанын және болашаққа сенімді қадам жасап келе жатқанын дәлелдейді.
Сонымен қатар, 4 % білім алушы орташа дайындық деңгейін көрсетіп, оларда мамандық таңдау барысында кейбір бағыттар бойынша қосымша ақпарат пен қолдау қажеттілігі байқалды.
Жалпы алғанда, жүргізілген сауалнама нәтижелері мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарының жүйелі түрде ұйымдастырылып, өз жемісін беріп отырғанын көрсетеді. Білім алушылардың болашаққа деген жауапкершілігі, мақсаттылығы мен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы – олардың жарқын болашағының кепілі болып табылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив