21
январь
2026
Үздіктер сынағы: Мектепте «Директорлық» тест өтті


📌Үздіктер сынағы: Мектепте «Директорлық» тест өтті
Бүгін, 20.01 мектебімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындықты күшейту мақсатында маңызды іс-шара өтті. Білім ордамыздың мақтаныштары – «Алтын белгі» төсбелгісіне және «Үздік аттестатқа» үміткер 11-сынып оқушылары арасында арнайы «Директорлық» сынама тест алынды.
Бұл сынақтың мақсаты не?
Бұл жай ғана кезекті бақылау емес. Мектеп әкімшілігінің тікелей бақылауымен өткен бұл тест – үздік оқушыларымыздың жауапкершілігін сезінуге, нақты білім деңгейін анықтауға және ҰБТ алдындағы психологиялық дайындығын шыңдауға бағытталған маңызды қадам.
Сынақ нәтижелері бойынша әр оқушының жұмысы жеке талданып, пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, алдағы уақытта назар аударуды қажет ететін тақырыптар анықталады.
Біздің түлектер жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп үмітін ақтайды деп сенеміз! Дайындық қарқынды жүруде. Сәттілік серік болсын, жас түлек!