06
ноябрь
2025
Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы даярлау жұмыстарын жүйелеу бойынша жиналыс



🔰2025 жылдың 6 қараша күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында мектеп бітіруші оқушыларды қорытынды аттестаттауға және Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы даярлау жұмыстарын жүйелеу, пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және оқу процесін тиімді жоспарлау мақсатында жиналыс өткізілді.
📍Жиналысты мектеп директоры М.Б.Бексултанова ашып, 11- сынып мұғалімдерінің жауапкершілігін арттыруға, дайындық барысын үйлестіруге және мектептің ҰБТ нәтижесін жақсартуға бағыттады. Оқу ісінің орынбасары В.Т.Байгашева 11-сынып оқушыларынан алынған сынама тесттің нәтижелеріне талдау жасап, әр пән бойынша көрсеткіштер мен кемшіліктерге тоқталды. Пән мұғалімдеріне дайындықты күшейту, қосымша сабақтарды тиімді жоспарлау, тақырыптық сынақ тестілерді жиі өткізу туралы тапсырмалар берілді.