19
март
2026
АВТОРЛЫҚ МАТЕРИАЛ: ӘДІСТЕМЕ. ТӘЖІРИБЕ. НҰСҚАУЛЫҚ

АВТОРЛЫҚ МАТЕРИАЛ: ӘДІСТЕМЕ. ТӘЖІРИБЕ. НҰСҚАУЛЫҚ
19 наурыз күні мектебімізде педагогтер арасында авторлық бағдарламалар жазудың жаңашылдығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында ДҒӘЖО Турсыналиева Ж.Р. және “Үздік педагог”, педагог-шебер, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каймалакова Н.Ү. өз тәжірибелерімен бөлісіп, авторлық бағдарламаларды әзірлеудің маңыздылығы мен тиімді жолдарын кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығының 12-қосымшасы, 3-тармағы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, шығармашылық ізденістерін арттыруға бағытталды.
#АвторлықБағдарлама #ПедагогШеберлігі #Әдістеме #Семинар #Аттестаттау БілімБеружаңашылдығы