11
март
2026
«Террористік акт болған жағдайда балалардың іс-қимылдары»

7-сынып оқушыларына «Террористік акт болған жағдайда балалардың іс-қимылдары» тақырыбында оқыту сабағы өткізілді. 📌Сабақтың мақсаты – оқушыларға төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
📍Сабақ барысында оқушылар террористік қауіп туындаған жағдайда сабыр сақтау, күдікті заттарға жақындамау, мұғалімнің нұсқауын орындау, қауіпсіз жерге эвакуациялану және шұғыл қызметтерге хабарлау тәртібі туралы ақпарат алды.
📎Іс-шара оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамытуға бағытталды.