28
февраль
2026
Аудандық семинар өтті!


Аудандық семинар өтті!
Директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған
«Олимпиада мен ғылыми жобаларға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында №34 жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында мектебіміздің Республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары өз жетістіктері мен дайындық барысындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Турсыналиева Ж.Р. мен информатика пәні мұғалімі Оразова Ардақ олимпиада мен ғылыми жобаларға сапалы дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, практикалық кеңестерімен бөлісті.
Іс-шара барысында тәжірибе алмасу алаңы қалыптасып, қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа идеялармен толықты.
- Мақсат – дарынды оқушыларды анықтау
- Жүйелі дайындықты ұйымдастыру
- Нәтижеге бағытталған жұмысты жетілдіру
Осындай мазмұнды кездесулер білім сапасын арттыруға және оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға зор ықпал етеді.