20
февраль
2026
«Сыбайлас жемқорлықпен баршамыз күресуіміз міндетті»




🔰 «Сыбайлас жемқорлықпен баршамыз күресуіміз міндетті»
📌Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіндіру.
📍Барысы мен нәтижесі:
8 «А» сыныбымен өткен бұл дебат жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пікірсайыс барысында оқушылар мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін жемқорлық мәселесін жан-жақты талдап, онымен күресудің тиімді жолдарын ұсынды.
Дебатта ерекше көзге түскен оқушы:
• Әшімхан Нұрәлі — өзінің терең логикалық ойлау қабілетімен, шешендік шеберлігімен және тақырыпты ашудағы дәлелді дәйектерімен ерекшеленді. Нұрәлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың ішкі мәдениеті мен адалдығынан басталуы керек деген ұстанымды қорғап шықты.
📍Қорытынды:
Іс-шара соңында Бадамбай Жанерке оқушылардың белсенділігін атап өтіп, адалдық пен әділдік қағидаларын өмірлік ұстаным етуге шақырды. Дебат өз мақсатына жетті, оқушылар жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» позициясын нығайтты.