25
декабрь
2025
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында суреттер байқауы










🔰2025 жылдың желтоқсан айында білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді.
📌Байқаудың мақсаты – оқушылардың адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтары туралы түсінігін кеңейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және көркемдік қабілеттерін дамыту.
📍Байқауға 7-8 сынып оқушылары белсенді қатысып, тақырыпқа сай креативті, мазмұнды жұмыстарын ұсынды. Оқушылардың шығармашылық ізденісі мен азаматтық ұстанымы байқау барысында ерекше көрінді. Атап айтқанда, І орынды 8 “Б”, 8 “Е”, 7 “Ж”, ІІ орынды 7 “А”, 7 “Д”, 8 “А”, 8 “Д”, 8 “Л” сыныптары иеленді.