17
февраль
2026
“Ұлы даланың ұлы жырауы”

2026 жылы ақпанның 17 жұлдызында Иван Трубицын атындағы ЖОББМГ- ның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умирбекова Р.А. Жамбыл Жабаевқа 180 жыл толуына орай “Ұлы даланың ұлы жырауы” атты танымдық сағат өту мақсатында 7 “Г” сынып оқушыларын мектеп жанындағы балалар кітапханасына апарып, ақынның туындылары мен ол туралы жазылған естеліктер көрмесімен таныстырды. Ақынның өмір жолы, жинақтары мен шығармаларымен танысып, балалар біраз мәлімет алып қайтты.