10
февраль
2026
«Есіңе мені алғайсың...»



🔰Бүгін мектебімізде қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсың...» атты әдеби-сазды кеш өтті.
📌Шараның мақсаты — өскелең ұрпақты ақынның мұрасымен сусындатып, ана тіліне, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында
оқушылар ақынның лирикалық жырларын мәнерлеп оқып, тыңдарманды поэзия әлеміне бөледі.
Сонымен қатар, ақын сөзіне жазылған халыққа кеңінен таралған әндер шырқалып, кештің сәнін кіргізді.
Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін қойылымдар көрерменге ерекше әсер сыйлап, ақын тағдырын тереңінен сезіндірді.
Қазақтың Мұқағалиы әрқашан біздің жүрегімізде!