“Arts and Crafts” тақырыбында ашық сабақ » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Arts and Crafts” тақырыбында ашық сабақ
12
февраль
2026

“Arts and Crafts” тақырыбында ашық сабақ


🔰2026 жылғы 9 ақпан күні №17 Иван Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ағылшын тілі мұғалімі Кибраева Н.А. 10 “А” сыныбында “Arts and Crafts” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
📌Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды шығармашылыққа баулу, қолөнер түрлері туралы білімдерін кеңейту және практикалық жұмыс барысында ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру болды.
📍Сабақтың ең басты ерекшелігі – оқушылардың алған теориялық білімдерін бірден іс жүзінде қолдануы болды. Оқушылар шағын топтарға бөлініп, берілген материалдардан өз қолдарымен түрлі қолөнер бұйымдарын жасады. Жұмыс барысында олар ағылшын тілінде өзара ақылдасып, жасалу процесін сипаттап отырды.
Бұйымдар дайын болған соң, әр топ өз туындыларын ағылшын тілінде таныстырды. Оқушылар жасаған жұмыстарының маңызына, қолданылған техникалары мен материалдарына тоқталып, өз идеяларын еркін жеткізді. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, олардың шығармашылық жұмыстарын жан-жақты талқылауға ынталандырды.
Сабақ соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісті. Олар өнер туындыларын өз қолдарымен жасап, оны шетел тілінде қорғау сөздік қорды байытуға және өздеріне деген сенімділікті арттыруға үлкен септігін тигізгенін айтты.
Жалпы, сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылар үшін өте тағылымды болды. Практикалық тапсырмалар мен шығармашылық жұмыс арқылы оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі мен тілдік дағдылары айтарлықтай артты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив