



🔰Оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыру, өндіріс орындарының жұмысымен таныстыру және еңбек адамына құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында 2026 жылдың 5 ақпан күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9 «Б» сынып білім алушыларын мектептің кәсіптік бағдар беру педагаогтары Д.Д.Анафияева мен Б.Ж.Кемелбекованың ұйымдастыруымен «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-не танымдық экскурсиясына барды.
📌Экскурсия барысында оқушылар өндіріс орнының тыныс-тіршілігімен танысып, ірімшік және сүт өнімдерінің дайындалу технологиялық кезеңдерін өз көздерімен көрді. Зауыт мамандары білім алушыларды жылы қарсы алып, кәсіпорынның тарихы, жетістіктері және заманауи өндірістегі мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берді. Өндірістегі қауіпсіздік ережелері мен еңбек мәдениеті жөнінде де түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар сүт өнімдерінің қабылдануынан бастап дайын өнімнің қапталып, тұтынушыға жол тартуына дейінгі үдерістермен танысып, технолог, зертханашы, оператор, инженер секілді түрлі мамандықтардың маңызын терең түсінді. Әсіресе өндірістегі заманауи құрал-жабдықтар мен мамандардың үйлесімді еңбегі білім алушыларға ерекше әсер қалдырды. Экскурсия соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен еркін пікір алмасты. Бұл танымдық сапар жасөспірімдердің еңбекке деген құрметін арттырып, болашақ мамандық таңдауға ой салды. Осындай мазмұнды кездесулер мен өндіріс орындарына жасалған экскурсиялар – оқушылардың өмірлік бағытын айқындап, саналы таңдау жасауына жол ашатын маңызды қадам екені сөзсіз.