Мектепішілік ата-аналар жиналысы ХАТТАМА № 2 » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік ата-аналар жиналысы ХАТТАМА № 2
18
декабрь
2025

Мектепішілік ата-аналар жиналысы ХАТТАМА № 2

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

ХАТТАМА № 2
 

Өткізілген күні: «18» желтоқсан 2025 ж.
 Өткізілген орны: Иван Трубицын атындағы № 17 ЖОББМГ
 Қатысқандар: 154 ата-ана, 24 сынып жетекші, мектеп әкімшілігі 

Төраға: мектеп-гимназия директоры Бексултанова М.Б.
 Хатшы: Турсынова Т.Е.

КҮН ТӘРТІБІ:


  1. «Бала қауіпсіздігі – басты мәселе»  - мектеп директоры Бексултанова М.Б.
  2. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. – ювенальдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Исабеков Б.К.
  3. Білім алушылардың әр түрлі іс шаралар және демалыс кезіндегі қауіпсіздігі – ДҚІЖО Базарбаев Е.Б.
  4. 9,11-сынып білім алушыларына қорытынды аттестаттауды өткізу ережелері мен мерзімдері – ДОТІЖО Байгашева В.Т.
  5. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері мен мерзімдері – ДОТІЖО Байгашева В.Т.
  6. Заңсыз қаржы жинамау туралы – мектеп директоры Бексултанова М.Б.
  7. Ата-аналардың ұсыныстары мен сұрақтары.


ТЫҢДАЛДЫ:

  1. Кіріспе сөз. Бала қауіпсіздігі – басты мәселе.


СӨЙЛЕДІ:

      Мектеп директоры Бексултанова М.Б.  тарапынан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және  психологиялық қолдау көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сыныпта және мектеп көлемінде жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
  2. Сынып жетекшісі мен ата-аналар тарапынан оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы тұрақты бақылауға алынсын.
  3. Қауіп тобына жататын білім алушылармен жеке жұмыстар күшейтілсін.

ТЫҢДАЛДЫ:

  1. Білім алушылардың Жаңа жыл мерекесіне арналған іс – шараларда және қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік  туралы.


СӨЙЛЕДІ:

Мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Исабеков Б.Қ., ДҚІЖО Базарбаев Е.Б.  тарапынан  білім алушылардың бос уақытың тиімді ұйымдастыруға   ұсыныстар айтылды, кешкі мезгіл уақытында жасөспірімдер көшеде жалғыз жүруге болмайтыны ескертіліді. Жол қозғалысы ережелерін, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі айтылды.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Білім алушылардың мектепішілік, мектептен тыс іс-шаралар мен демалыс уақытындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарға алынсын.
  2. Сынып жетекшісі тарапынан қауіпсіздік ережелері бойынша жүйелі түрде нұсқаулықтар өткізілсін.
  3. Жол қозғалысы, су айдындарындағы, өрт және тұрмыстық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстары күшейтілсін.


ТЫҢДАЛДЫ:

  1. 9, 11-сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауды өткізу ережелері мен мерзімдері.  

СӨЙЛЕДІ:

ДОТІЖО Байгашева В.Т.:  Қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібімен, емтихан күндері, құжаттар тізімі және талаптармен таныстырды.

Емтиханға дайындықты күшейтілгенін, қосымша сабақтар ұйымдастырылғанын туралы мәлімет берді, психологиялық қолдау көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды. 


ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:

  1. Қорытынды аттестаттауға дайындық жоспары бекітілсін.
  2. Пән мұғалімдерімен қосымша консультациялар ұйымдастырылсын.
  3. Ата-аналар балалардың сабаққа қатысуы мен үй тапсырмасының орындалуын қадағаласын.
  4. Емтихан ережелері мен мерзімдері ата-аналарға, білім алушыларға толық жеткізілсін.


ТЫҢДАЛДЫ:

  1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері мен мерзімдері.

СӨЙЛЕДІ:

    ДОТІЖО Байгашева В.Т.: Әкімшілік  тарапынан  дайындықтын күшейтілгенің, қосымша дайындықтың ұйымдастырылғаның, психологиялық қолдау көрсету бойынша жұмыстардың ұйымдастырылғаны туралы айтылды. Рұқсат етілген және тыйым салынған заттар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері мен мерзімдері туралы ақпарат ата-аналар мен білім алушыларға толық әрі уақтылы жеткізілсін.
  2. Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері тарапынан ҰБТ-ға қатысу талаптары, рұқсат етілген және тыйым салынған заттар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
  3. Ата-аналар балалардың тестілеу мерзімдері мен тәртібін сақтауды бақылауға алсын.


ТЫҢДАЛДЫ:

  1.  Зансыз қаржы жинамау туралы.

СӨЙЛЕДІ:

     Мектеп директоры Бексултанова М.Б..:  Мектепте жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында   «Жаңа жыл» мерекелік іс-шаралар өткізу барысында заңсыз қаржы жинауға, сыйлық жасауға, дастархан жасауға тыйым салынатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Мектепте «Жаңа жыл» мерекелік іс-шараларын өткізу барысында ата-аналардан, білім алушылардан және қызметкерлерден заңсыз қаржы жинауға, сыйлық алуға (беруге), дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынсын.


Төраға   Бексултанова М.Б.


Хатшы   Турсынова Т.Е.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив