18
декабрь
2025
Мектепішілік ата-аналар жиналысы



🔰2025 жылғы 18 желтоқсан күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
📌Жиналыстың мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үдерісінің өзекті мәселелерімен ата-аналарды таныстыру, бірлескен жауапкершілік негізінде тиімді серіктестік орнату.
📍Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. «Бала қауіпсіздігі – басты мәселе»
2. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы
3. Білім алушылардың әртүрлі іс-шаралар мен демалыс кезіндегі қауіпсіздігі
4. 9, 11-сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі мен мерзімдері
5. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері мен мерзімдері
6. Мектепте заңсыз қаржы жинауға жол бермеу
📎Жиналыс ашық форматта өтті, ата-аналар тарапынан белсенділік танытылып, маңызды ұсыныстар айтылды.Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты арттыра отырып, оқушылардың жан-жақты дамуы үшін бірлескен жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттілігі атап өтілді.