"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
05
сентябрь
2025

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 32306 болып тіркелді


3-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

      36. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

      2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

      37. 1-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау қарастырылмайды.

      38. Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

      39. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.

      Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.


40. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) қазақ тілі/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

      2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

      3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

      4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.


41. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

  1. қазақ тілі/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан;
  2. алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;

      3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

      4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/ сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/ сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;

      5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі), шетел тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) жазбаша емтихан.


      44. 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып білім алушылары үшін, сондай-ақ республикалық мектептердің 9 (10) және 11 (12) сыныптар білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ) дайындайды.

      Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) "НЗМ" ДББҰ әзірлеген емтихан материалдары мазмұнының сапасына тәуелсіз бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      ҰТО емтихан материалдарының электрондық нұсқаларын қорғалған арналар арқылы білім басқармаларына және республикалық білім беру ұйымдарына жібереді.

      Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.

      45. Бір және екі пәннен (қорытынды аттестаттау өткізілмейтін) жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау басталғанға дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "3", "4", "5" бағасын алған кезде қорытынды баға жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні және жақын бүтін санға дөңгелектене отырып, оқу жылына жиынтық бағалау ретінде қойылады.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және "Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алады.

      Үш және одан да көп пән бойынша "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.

      Үш және одан да көп пән бойынша "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес анықтама алады.

      46. Бір және екі пәннен (қорытынды аттестаттау өтілетін) жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау басталғанға дейін осы пәндер бойынша оқу жылы үшін қосымша жиынтық бағалаудан өтеді.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "3", "4", "5" бағасын алған кезде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылы үшін қосымша жиынтық бағалау (бес балдық шәкіл бойынша) үшін 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтін санға жүргізіледі.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес анықтама алады

      47. Білім алушыларды "Көркем еңбек", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" және "Дене тәрбиесі" оқу пәндерінен Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте босату олардың үлгеріміне, қорытынды аттестаттауға жіберуге келесі сыныптарға көшіруге әсер етпейді.

      48. 5 – 9 (10)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" болған 9 (10)-сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

      49. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден "5" болған және 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

      50. 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

      1) денсаулық жағдайына байланысты;

      2) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

      3) халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар;

      4) жақын туыстарының қайтыс болуы.

      51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

      1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 026/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

      3) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 20317 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының оқу үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі – табель) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.

      4) жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәлік.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.

      Қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды аттестаттауы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.

52. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе "НЗМ" ДББҰ-ның білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5", 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" болған, жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан "5" бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты беріледі.


      66. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға қорытынды аттесттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.

      Арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді.

      67. 9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.

      68. 11 (12) сыныпта қазақ тілі /орыс тілі және ұйғыр/ тәжік/ өзбек тілінде оқытатын мектептер үшін ана тілі бойынша (оқыту тілі) жазбаша емтиханға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамалары бойынша 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

      Қорытынды аттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.

      69. Жазбаша емтихандар 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушылары бір-бірден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде (бір партаға бір білім алушысы отырғызылып толық сынып сиятындай мектеп ғимаратындағы үлкен бөлмеде) өтеді.

      Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі.

      Орындалған жұмысты жоба жазбаларымен бірге білім алушылар Комиссияға тапсырады.

      Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар аяқталмаған қалпында тапсырады.

      70. Жазбаша емтихан өткізу кезінде (диктанттан басқа) білім алушыға дәлелді себеппен сынып бөлмесінен шығуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ол жұмысты емтихан жұмысында немесе тіркеу журналында білім алушының емтиханда болмауының ұзақтығын белгілейтін Комиссия мүшесіне тапсырады.

      71. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндері жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.

      Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

      Математика (алгебра) бойынша "2" және "5" деген бағаға бағаланған жазбаша жұмысқа мектеп Комиссиясы рецензия береді.

      9 (10) және 11 (12) сыныптарда жұмыстар балдарды қою схемасына сәйкес тексеріледі.

      72. Мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары Астана қаласының уақытымен таңертеңгі сағат 10:00-де басталады.

      73. Тест тапсырмаларының саны және нысаны, тестілеуге арналған жауап парағының нысаны әр пән, бейін және оқыту тілі бөлінісінде жасалған тест ерекшеліктерімен анықталады. Аттестаттау қорытындысы ерекшеліктерін "НЗМ" ДББҰ әзірлейді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив