12
январь
2026
Бастауыш сынып бірлестігі айлығының ашылу салтанаты





🔰Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында бастауыш сынып бірлестігі айлығының ашылу салтанаты өтті.
📌Шараның негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
⚜️Салтанатты жиын мектеп директоры М.Б.Бексултанованың құттықтау сөзімен ашылып, айлық барысында өткізілетін іс-шаралар жоспары таныстырылды. Оқушылардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
📍Айлық аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, зияткерлік ойындар, байқаулар мен шығармашылық жұмыстар өткізілмек. Бұл жұмыстар оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.
📎Бастауыш сынып бірлестігі айлығының ашылу салтанаты мазмұнды да әсерлі өтіп, қатысушыларға ерекше шабыт сыйлады.