05
ноябрь
2025
«Математика және информатика” пәндерінің айлығының ашылу салтанаты





🔰2025 жылдың 5 қарашасында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Математика және информатика” пәндерінің айлығының ашылу салтанаты өткізілді.
📌Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық және цифрлық сауаттылығын арттыру, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту болды.
📍Салтанатты жиын барысында айлықтың жоспары таныстырылып, оқушылардың қатысуымен өлеңдер, әндер, билер мен викториналық сұрақтар ұсынылды. Сонымен қатар, пән мұғалімдері алдағы уақытта өтетін іс-шаралар туралы ақпарат беріп, оқушыларды белсенді қатысуға шақырды.
📎Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырды.