22
декабрь
2025
«Тарих қаһармандары» тақырыбында ғылыми жоба байқауы




🔰2025 жылдың 22 желтоқсан күні тарих пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы аясында 9-11 сыныптар арасында «Тарих қаһармандары» тақырыбында ғылыми жоба байқауы ұйымдастырылды.
📌Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейту, Қазақстан тарихында ел тәуелсіздігі мен дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен қызметін ғылыми тұрғыда зерделеу, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
📎Байқау барысында оқушылар тарихи тұлғалардың саяси, қоғамдық, мәдени қызметін дереккөздерге сүйене отырып зерттеп, өз жобаларын көпшілік алдында қорғады. Оқушылардың ізденісі тарихи деректерді талдау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
📍Іс-шара оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, тарихи сананы қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, байқау оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, ғылыми жұмысқа қызығушылығын оятуға мүмкіндік берді.