22
ноябрь
2025
«Бір ел – бір тағдыр» және «Бірлігі бекем елдің бірлігі артады» атты семинар-тренинг




🤝 «Бір ел – бір тағдыр» және «Бірлігі бекем елдің бірлігі артады»
атты семинар-тренинг 🌍
📍 Мектебімізде оқушылар арасында өткен бұл іс-шараның мақсаты:
🔹 Жастарға этносаралық және қоғамдық келісімнің маңызын түсіндіру;
🔹 Түрлі ұлт өкілдері арасындағы бірлік пен өзара сыйластықты нығайту;
🔹 Қақтығыстардың алдын алу,
🔹 Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру болды.
🔹 Семинарға арнайы қонақтар қатысты:
• Әбдиев Еркін Қайырбекұлы – «Жамбыл облыстық Жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы
• Жаныкулова Назерке Доқтырқұлқызы – Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы
• Асадова Зарина Яшаровна – Меркі аудандық Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жастар қанатының мүшесі
🇰🇿 Біз – бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан біртұтас ұлттың өкілдеріміз.
🌟 Осы семинар барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, пікір алмасып, бірліктің қадірін терең түсінуге мүмкіндік алды.
Бірлігіміз бекем болса – болашағымыз жарқын!