10
ноябрь
2025
«Мен және менің болашақ мамандығым» және «Армандарды қалай жүзеге асыруға болады?» тақырыптарында тәрбие сағаттары
2025 жылдың қараша айында 2-4 және 5-8 сынып жетекшілері Тасқараева А.Б., Мамырбаева Д.С., Өзбек А.,Тюляпова М.Н. ұйымдастыруымен оқушыларымен «Мен және менің болашақ мамандығым» және «Армандарды қалай жүзеге асыруға болады?» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
Сабақтардың мақсаты – балаларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, өз армандарын айтуға үйрету және мақсатқа жету үшін еңбек етудің маңызды екенін түсіндіру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар мұғалім, дәрігер, өрт сөндіруші, әнші, спортшы сияқты таныс мамандықтармен танысып, өздері кім болғысы келетінін әңгімелеп айтты. Сонымен қатар, балаларға армандардың орындалуы үшін талпыныс, еңбек және жақсы оқудың қажеттілігі туралы жеңіл әрі түсінікті ақпарат берілді.
Оқушылар белсенді қатысып, сурет салып, өз армандарын бөлісті және шағын сұрақ-жауап жұмыстарына қатысты. Тәрбие сағаттары оқушылардың қызығушылығын арттырып, болашаққа деген оң көзқарас қалыптастыруға әсерін тигізді.