23
декабрь
2024
«Мамандықтың бәрі жақсы» атты тақырыбында сурет байқауы
Мектебімізде жоспарға сәйкес 2024 жылдың қараша айында 4 сынып білім алушыларының арасында «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Сурет салып өздерін болашақта кім болғысы келетіндіктері жайлы сурет арқылы көрсетулерін және келешекте өзін қандай мамандық иесі ретінде көретіндіктерін салу ұсынылды. Байқау нәтижесінде І – ІІ – ІІІ орын иелері анықталып, мақтау қағазымен мараппатталды. Мақсатымыз мамандықтар туралы түсінік беру. Білім алушылардың болашақта қандай маман иесі болғысы келетіндігін, мамандыққа бейімділігін анықтап бағыт –бағдар беру. Оқушыларға әр мамандықтың маңызын түсіндіре отырып, болашақта қандай мамандықты таңдаудағы алғашқы баспалдақтарын құруды үйрену. «Өскенде кім болғың келеді?» деген сұрақты, үлкендер кішкентай балаларға жиі қояды. Сол кезде адаспай өз мамандығымды қалай таңдауға болады деген сұрақ туындайды. Жалпы білім алушылар өзі таңдап отырған мамандықтарын қағаз бетіне түсірді.