10
ноябрь
2025
15 қараша – Ұлттық валюта күні





📅 15 қараша – Ұлттық валюта күні
📍 Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы
💬 Бүгін мектепте оқушыларға арналған «Ұлттық валюта – теңге: ел тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
🪙 Сабақ барысында оқушылар ұлттық теңгенің тарихымен танысып, оның ел экономикасындағы маңызын ұғынды. Балаларға теңгенің алғаш айналымға енгізілуі, дизайны мен қорғаныш белгілері жайлы қызықты мәліметтер айтылды.
📚 Іс-шара мақсаты – жас ұрпақтың экономикалық сауаттылығын арттыру, ұлттық валютамызға деген құрмет пен патриоттық сезім қалыптастыру.