02
сентябрь
2025
Менің Отаным – Қазақстан


Менің Отаным – Қазақстан📍 Бүгін Иван Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясында осы атаумен сынып сағаты өтті.
🌟 Іс-шараға тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Қуанышова Балжан Оразбаевна қатысып, оқушылармен елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтар туралы тағылымды ой бөлісті.
👧🧒 Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, өлең оқып, Отан туралы эсселерін таныстырды.
💬 Әңгіме барысында еліміздің тарихы, рәміздері мен жетістіктері жайлы мазмұнды пікірлер айтылды.
✨ «Отан – отбасынан басталады» дегендей, әр бала жүрегінде туған елге деген махаббат пен мақтаныш отын жаққан шара болды.