25
октябрь
2025
“Республика – ерлік пен бірліктің символы”




⚜️Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 23 қазан күні Республика күніне орай “Республика – ерлік пен бірліктің символы” атты танымдық-мәдени кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты– оқушылардың Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық сана мен бірлік рухын қалыптастыру болды.
⚜️Кеште оқушылар Отанға,туған жерге,атамекенге арналған жыр жолдарын мәнерлеп оқып, патриоттық әндер шырқады.Республикамыздың тарихы мен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы деректер ұсынылып, бейнематериалдар көрсетілді. ⚜️Танымдық кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер қалдырғаны байқалды.