10
ноябрь
2025
Сейсможаттығу 10.11
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10.11.2025 жылғы №2040 хатына сәйкес №17 Иван Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында сейсможаттығу ұйымдастырылды. Дабыл берілгеннен кейін оқушылар «Тығыл — Қорған — Төзе біл» ережелері бойынша үстел астына жасырынды. Діріл тоқтағаны туралы белгі берілген соң, барлық сыныптар мұғалімдердің жетекшілігімен ғимараттан тәртіппен эвакуацияланып, алдын ала белгіленген қауіпсіз аймаққа жиналды. Жиналу орнында оқушылар тізім бойынша тексеріліп, жаттығу қауіпсіз және ұйымдасқан түрде аяқталды.





