03.06.2024 жылы «Тұрақты қызмет көрсетуші құрама және балалардың жер сілкінісі болған жағдайдағы әрекеттері» тақырыбында сейсможаттығу өтілді.
03.06.2024 жылы «Тұрақты қызмет көрсетуші құрама және балалардың жер сілкінісі болған жағдайдағы әрекеттері» тақырыбында сейсможаттығу өтілді.
Мектепте дабыл беріліп, балалар сыртқа шығарылды. Мектеп құрылысы - 2 және 3 қабаттан тұрады. Мектептегі 8 сыртқа шығатын есіктер ашылып тұрады
Жалпы білім беретін көрсеткіштер бойынша, жаттығу жүріп жатқанда жер сілкінгенде берілетін белгімен 3 рет дабыл берілді-қоңырау.
Мектепте – муғалімдер 121, оқушылар 315, кіші қызметкерлер 47 толық қатысты.
Барлық қатысқандар саны 483. Сейсможаттығу өту барысында мектепте оқушылар тегіс қауіпсіз алаңға шығарылды.
Барлық жауапты көмекшілермен сейсможаттығудын өтетін күні мен сағаты белгіленіп,бекітілді.Мұғалімдер,сынып жетекшілері оқушыларға жерсілкініс кезінде не істеу керек екенін айтып түсіндірді.Белгілі бір дыбыстан кейін (үш қысқа қоңырау) сейсможаттығудын практикалық бөлігі басталды.Қосалқы жұмысшылар,кіші қызметкерлер,еден жуушылар ,белгілі дыбысты естіген соң бекітілген топтарға барып міндеттерін атқарды оқушыларды далаға алдын - ала белгіленген қауіпсіз жерге шығаруға көмектесті.Белгілі бір дыбыстан кейін пән мұғалімдері сыныптағы оқушыларға команда берді «Жерсілкініс! Қауіпсіз жерден орын алындар !»
Жерсілкініс дүмпулері басылғанша оқушылар қауіпсіз жерлерде қолымен басын жауып отырды да , дүмпулер басылған соңмұғалімнің «Эвакуация!» деген командасынан кейін,
пән мұғалімі бекітілген эвакуация топ мүшелері оқушыларды далаға белгіленген қауіпсіз жерге алып шықты.Оқушылардың санын тізіммен тексереді де керек жағдайда медици-налық көмек көрсетілді.