05
февраль
2025
Кездесу
2025 жылдың 5 ақпаны күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, ШҚО «Серпінді» қолдау офисінің координаторы Байжуманова Ләйлә Толеубайқызы бастаған оқытушылары мен студенттері мектебіміздің кино залында университет факультетерімен таныстырып, концерттік бағдарлама мен КТА ойындарын көрсетті. Сонымен қатар педагогикалық білім және менеджмент кофедрасының оқытушысы Қозыбаева Айнұр Қуатбекқызы мектебіміздің мұғалімдеріне «Оқушы тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі интерактивті технологиялардың рөлі» тақырыбы бойынша семинар- тренингін өткізіп, сертификаттар табысталды.








