23
декабрь
2024
Жеке және топтық кәсіби бағдар беру кеңесі
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының Кәсіптік бағдар беру педагогтарының жұмыс жоспарына сай 2024 жылдың желтоқсан айында «Жеке және топтық кәсіби бағдар беру кеңесі» өтті. Кеңес 11 сынып оқушылары Таженова Айша, Реимов Джафар, Макашева Диана, Қойшыбай Думан және аналары Таженова Айнаш, Реимова Ранахан, Макашева Айман, Кулипбаева Хамидамен жеке кеңес өткізілді. Оқушыларға мамандық таңдау бойынша кеңестер айтылып, кітапшалар (брошурка) берілді. Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды шешімдерің бірі болып табылады. Осындай маңызды шешімді қабылдау оңай емес. Дұрыс шешімді қабылдау үшін мамандық таңдауға әсер ететін факторларды ескеру қажет. Ата-ананың пікірі, материялдық жағдайы, баланың жеке қабілеті мұның бәрі оның қандай мамандық таңдайтынына әсер етеді.