Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
10 қазан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.
Мектеп асханасында қазан айында 848 білім алушы тегін тамақтанады, қалған білім алушылар ата – ананың есебінен тамақтанады. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.
Тағам ас мәзіріне сәйкес, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар. Тоңазытқыш жабдығының санитарлық жағдайы ұнемі бақылауда үстау, тауар көршілестігін сақтау аспазші Жантаева А. және медбике Д.Батиеваға жүктелді. Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады. Ауыз су режимі сақталады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар. Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тексеру барысында кемшіліктерде анықталғаның айтты: асханада орналасқан тоңазытқышта тауар көршілестігін сақталмағанын және бір қызметкердің құлағында сырғасы болды.