07
декабрь
2023
" Біріккен сөздер" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2023 жылдың 7 желтоқсанында Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының бастауыш әдістеме бірлестігінің айлығында
4" А" сыныбында Мурзахметова Нуржамал Сериковна қазақ тілі пәнінен " Біріккен сөздер" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар өзін - өздері 10 балдық жүйемен бағалап отырды. Білім алушылар сабақты психологиялық дайындықпен ашты. Өткен ережелерді еске түсіріп, нақты сұраққа жауап беріп, мысалдар келтіріп, қайталау жұмысы жүргізілді. Жаңа сабақта білім алушылар өздерінің ізденіп дайындаған ақпараттарын ортаға салды. Максим Дмитреевич Зверевтің 8 жасында оқуға және табиғатқа деген құштарлығы оны жазушы болуға итермелегендігі туралы біліп, мәтіндегі біріккен сөздерге талдау жұмысын жүргізді. Жазушы болу үшін не істеу керек екендігін мәтіннен біліп жауап беріп отырды. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып , өз ойларын еркін жеткізе білді. Жұптық жұмыс арқылы мәтін бойынша сұраққа жауап берді. Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романымен танысып, жазушының өмірі туралы білгендерін ортаға салды.
" Мамырбайдың- Ақбілегі, Ақбілегі- жас түлегі" деп бастау алған роман қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, Ақбілектің қасіретке толы өмірі, мұңы, шері, қазақ қызының тағдыры мен әйел теңсіздігі туралы жазылғаны туралы айтылып өтті. Жүсіпбек, Ақбілек сөздеріне талдау жүргізілді.Жүсіпбек сөзінің екінші түбіріндегі "б" дыбысы дыбыстық талдауға ұшырап тұрғаны ескертілді. Сергіту сәтінде музыка әуенімен қимылды жаттығулар жасап, би биледі. Білім алушылар " Гүл жинау" ойыны арқылы біріккен сөздер құрастырып, дәлелдеу жұмысын жүргізіп, қызығушылықтары артып, біліктерін көрсете білді. Тақтаға ілінген суреттер арқылы жануарлар, жеміс- жидектер, құстар, жан- жануарлар, көгөністерден тұратын біріккен сөздердің аты аталып, талдау жүргізілді. Кестемен жұмыс жүргізілді. Ондағы адам аттары, жер- су аттары, аң- құс атауы, ойын атауы, өсімдік атауын білім алушылар тауып, кестеге керекті біріккен сөздерді жазды. Барлық білім алушылар сабаққа өте ерекше ынтамен қатысты. Білім ағашы арқылы кері байланыс жасады. Сабақ өз деңгейінде өтіп, мақсатына жетті.