«Центрге тартқыш үдеу»
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында
2023 жылдың 11қазан мен 20 қазан аралығында мектепішілік «Ұлағат» шығармашылық тобының жұмыс жоспарына сай жас мамандарға арналған ашық есік күні болып өтті. Онкүндікте шығармашылық топ құрамындағы шығармашыл ұстаздар жас мамандарға ашық сабақтар көрсетті. Атап айтсақ, 16 қазан күні физика пәні мұғалімі Манкеева Ж.А.
9 «А» сыныбымен «Центрге тартқыш үдеу» тақырыбында, 17 қазан күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Кибраева Н. 10 «А» сыныбында «Square-eyedn teens” тақырыбында,тарих пәні мұғалімі Максутов Р.Ш. «Внутренняя и внешняя политика хана Абылая» 7 «В» сыныбымен , еңбек пәні мұғалімі Погорелова Г.Н. 6 «Д» сыныбында «Анимация. Движущиеся элементы» тақырыбында, 19 қазан математика пәні мұғалімі
Қозыбақова Г.П. 5 «Г» сыныбымен «Аралас сандар» , орыс тілі пәні мұғалімі
Умаркулова Г.Т. 8 «Ә» сыныбында «Спрот нашей жизан» тақырыптарында ашық сабақтар мен қазақ тілі пәні мұғалімдері Адиева Ж.мен Төлеушова С. ұйымдастыруымен «Тиімді мұғалім табысты оқушы» тақырыбында семинар, 20 қазан бастауыш сынып мұғалімі Намазова В.Қ. 3 «Ә» сыныбымен «Көбейту кестесін бекіту.Жанама сұрақтармен берілген есептерді шығару»тақырыбында цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану тәжірибелерімен бөлісу мақсатында жас мамандарға ашық сабақтар өткізді.Ашық сабақтар өте жоғары деңгейде өтіп, жас мамандардың үйренерлері мен өздеріне алатын тәжірбиелері көп болды.
Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі іспеттес. Білім беруде нәтижеге қол жеткізу аса оңай жұмыс емес. Педагог алға қойған мақсатына қол жеткізу үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс атқарып, педагогикалық құзіреттілігін дамытып отыруы аса қажет.