16
октябрь
2023
«Әлемдегі биік таулар»
2023 жылдың қазан айының он алтысы күні мектебімізде бірлестік айлығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асубаева З.К. «Әлемдегі биік таулар» тақырыбында ашық сабақ көрсетті.Сабақтың мақсаты:6.3.6.1- тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру; 6.5.1.3- реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану. Тақырыпқа сәйкес оқу мақсаты алынып, соның негізінде жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тапсырмалар әзірленген.Ашық сабақ заман талабына сай, сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланды. Интерактивті тақтамен жұмыс жасалды.
Жаңа сабақты «Әлеуметтік желідегі хаттар» стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашты. «Әлемдегі биік таулар» тақырыбында жаңа сөздермен танысып, қайталады. Сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады. Сабақ барысында тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары қамтылды. Оқушылар кері байланыс арқылы сабақтың түсінікті әрі қызықты өткенін білдірді.