Жеміс – жидек пайдасы
Жеміс – жидек пайдасы
№ 17 Иван Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға «Жеміс-жидектердің пайдасы» тақырыбында оқылған баяндаманың мәліметі:
05.10.2023 ж. мектеп медбикесі Д.Батиева бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған яғни аз қамтылған отбасынан шыққан және 2 - 3 сынып оқушыларына «Жеміс-жидектердің пайдасы» тақырыбында баяндама оқыды.
Мақсаты: дәрумендер туралы ақпарат беру. Дұрыс тамақтануға үйрету.
Мектеп медбикесі Д.Батиева «Жеміс-жидектердің адам ағзасына пайдасы мен зияны, калориялық құрамы, қасиеттері жайында түсінік берді. Оқушылар мұқият тындап, қызылшаның адам денсаулығына көп пайдасы бар екенін ұғынып, өз ойларын ашық айтып, ойларымен бөлісті.
Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау-мақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (ботоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.). Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақылының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы.
Жеміс – құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т.б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек. Шырынды же-містің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий) жылтыры: шие, алма, балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік, қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ.Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.
Көкөніс дақылдары.
Ол – негізінен шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр – жемісті өсімдіктер, баданалар, т.б. Көкөністердің 80 тұқымдасының 600 – ден астам түрі өсіріледі. Жеміс – ұрықтылар: қызанақ, қияр, бұрыш, жапырақтылар: қырыққабат (капуста), салат, баданақ: пияз және са-рымсақ, тамыр – жемісті өсімдіктер: сәбіз, қызылша, ақжелкен, шалғам. Нақты деректер бойынша, біз б. 3 – мыңыншы жылдары – ақ Ежелгі Қытай, Мысыр, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим көкөністер өсірумен ай-налысқан. Жеміс – жидектерде де, көкөністер де дәрумендерге, шипалық қасиетке, азық–түліктік құндылық-тарға өте бай.
Жеміс, көкөністі жуып жеу.
Тұрмыста жеміс – жидек, көкөністерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен жуып, оны микроскоппен қарап көріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын құж – құж қаптап жатқан құрттарды (микробтарды) көресіз.
Жалпы, жеміс – жидектерден ауруға, түрлі зиянкестерге қарсы бүркілген түрлі улы химикаттардан жақсылап жуу арқылы ғана арылуға болады. Шетелден әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю қа-жет. Мамандар басқа мемлекеттерден әкелінген жемісті балаларға берер алдыңда 1 сағаттай салқын суға салып қоюға ақыл – кеңес береді. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға шығады. Ал мұндай алманың қабығын мүмкіндігінше, аршып жеген дұрыс.
Шіріген жері бар жемісті жемеу.
Жемістің дәрумендерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі. Егерде қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбайды. Себебі, ол мұнда нитраттардың көптігін танытады. Нитраттарды кетіру үшін қиярды бір күн тұзды суға салып қояды, бірақ та бұлай жасағанда оның дәрумендері жойылып кетеді. Шіріген түгілі, сәл дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені, кішкене бұзылса болғаны, кез–келген бақша дақылының өнбойында митоксин деп аталатын улы зат түзіледі. Ол зақымдаған тұсты ойып алғаннан жойылмайды. Сол жемісті, көкөністі қайнатып, қайнатпаға (варенье) айналдырса да әлгі улы зат кетпейді. Ал ол бауырды, жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп болады.