Қыркүйек айының 4 -і күні Иван Трубицын атындағы#17ЖОББМГ мұғалімдердің арасында Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жүргізілді. » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыркүйек айының 4 -і күні Иван Трубицын атындағы#17ЖОББМГ мұғалімдердің арасында Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жүргізілді.
06
сентябрь
2023

Қыркүйек айының 4 -і күні Иван Трубицын атындағы#17ЖОББМГ мұғалімдердің арасында Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жүргізілді.

Қыркүйек айының 4 -і күні Иван Трубицын атындағы#17ЖОББМГ мұғалімдердің арасында Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жүргізілді. Биылғы жолдау "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" деп аталды. Президентіміз өткен жылғы жұмыстарға қорытынды жасап, алдағы 3 жылда орындалатын жоспарларды таныстырды. Ең бірінші мәселе еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Тағы бір маңызды мәселе – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту. Бұл сала дамыған елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде басты рөл атқарады.
Осы орайда импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін, жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс кешенін құру – аса маңызды міндет.
Біздің армиямыз жоғары технологиялы қару-жарақпен және әскери техникамен, соның ішінде бронды техникамен, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен, қазіргі заманғы атыс қаруларымен жабдықталуға тиіс. Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз.
Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Президентіміз ұзақ мерзімді жоспардан гөрі, қысқа мерзімді жоспар құрудың нәтижесінде үлкен жетістіктерге жететінімізді атап өтті.
Екінші мәселе "Балалар өмірінің қауіпсіздігі" бойынша, мектеп директоры А.А.Қалқабаева, мектепішілік кезекшілік ұйымдастыралатындығы және құқықбұзышулықтың алдын алуы шараларына назар аудару керектігі туралы айтып өтті.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив