02
июнь
2023
1- маусым 'Балаларды қорғау күні" мерекесімен бірге байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі.
1- маусым 'Балаларды қорғау күні" мерекесімен бірге байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алды. Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында да бүгін мектептен 134 түлек қанат қағып ұшып шықты. Бүгінгі мереке– мектеп бітіруші жас түлектердің ғана емес, жылдар бұрын білім ордасын тәмамдап, мектеп қабырғасынан ұзап, үлкен өмірге қанат қаққан түлектердің мерекесі. Биылғы жылы жиырма жылдық түлектер дәл осы күні қарашаңыраққа жиналып, өз алғыс тілектерін білдірді. Мерекеде 1- сынып бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп, “Еркемай” би үйірмесінің бишілері мың бұралып, би биледі. Мереке соңында 11- сынып түлектері қоштасу вальсін билеп, әннен шашу шашты.