28
апрель
2023
"Оқуға құштар мектеп"
2023 жылдың 26 сәуірінде Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының базасында Меркі аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру аясында.
"Кітапхана - оқу және шығармашылық аймақ" тақырыбында аудан кітапханашылары арасында семинар- практикум өткізілді. Семинардың мақсаты:
- Білім алушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
Семинарды мектеп директоры А.А.Қалқабаева және Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Г.А.Ізбасарова ашты. Мектеп кітапханашылары Медеуова Бибігүл Қабылқызы мен Мырзагулова Айнұр Амангелдіқызы "Артық ғылым кітапта" атты әдеби-сазды кешті ұйымдастырды. Кеш барысында 9- сынып оқушыларының орындауында Мұхтар Әуезовтің "Қарагөз" драмасы, 5-сынып оқушыларының орындауында А.С.Пушкиннің "Сказка о попе и о работнике его Балде" туралы ертегісінен сахналық қойылым қойылды.
"Жақсы кітап -жан азығы" демекші,
кеш барысында мектеп оқушылары Фариза Оңғарсынованың "Жетім қыз" монологын, Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінен үзінді оқып, көрермендерін тәнті етті.
Мектеп кітапханашысы Нусипова Баян Қырықбайқызы "Кітапхана - білімнің шамшырағы" тақырыбында жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебіне тоқталды. Есеп барысында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында атқарылған барлық ауқымды іс -шаралар туралы айтылды